Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 7 қаулысына сәйкес Кордай аудандық орталық ауруханасында қызу жұмыс атқарылуда!
Ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-11 айлық балаларға, қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан қосымша жаппай иммундау (ҚЖИ) жүргізілуде.
Екпенің құрамында әлсіреген микроорганизмдер, яғни ауру қоздырғыштары болғандықтан, бұл тірі екпелер тобына жатады. Екпенің мұндай құрамы қажетті иммундық қорғаныс қалыптастыруға көмектеседі және балаға осы үш аурудың бірі жұқса, ауыр асқынудан қорғайды.
Қордай АОА жалпы тәжірибелік дәрігері Байсалова Г. Е