Mostbet Кыргызстандагы эң ири букмекердик кеңселердин бири. Букмекердик контора өз кардарлары үчүн спорттук иш-чаралардын жана коюмдардын түрлөрүнүн кеңири тандоосун, ошондой эле ар кандай бонустарды жана акцияларды, бекер коюмдарды жана акысыз айланмаларды сунуштайт. Кошумчалай кетсек, Mostbet мобилдик тиркемесине ээ, ал каалаган убакта жана каалаган жерде коюмдарды коюуга мүмкүндүк берет.
Skip to content
Басты бет » Қордай ауданында курделі оталарды жасау бойынша шеберлік сыныптары өтті.

Қордай ауданында курделі оталарды жасау бойынша шеберлік сыныптары өтті.

Қордай ауданының орталық ауруханасының 100 жылдығына орай Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері мен облыстың бас хирургының қатысуымен шеберлік сыныптары өткізілді.
Оның барысында бірқатар науқастар тексеріліп, оларға дәрігерлік кеңестер берілді. Сонымен қатар, үш науқасқа күрделі оталар жасалды.

  1. Науқас М, 1992 жылы туған. Бұрын соқыр ішекке ота жасалғаннан кейін, сол жерде инфильтративті абсцесс пайда болып, жіңішке ішек сегменттеріне жабысып, ішек туйілуіне әкелген. Науқасқа пароректалды лапаротомия, ішекті тексеру, сигма тәрізді ішектің зақымдалған бөлігін алып тастау (резекция) және илеотрансверзоанастомоз (ішектін кесілген бөліктерін қосу) жасалды.
  2. Науқас Д, 1970 жылы туған. Екі ай бурын Астана қаласында журек ақауына байланысты артерияның коронарлы шунттауы бойынша ота жасалған. Отадан кейін төс аймағындағы жара іріңдеп кеткендіктен, Кордай аудандық орталық ауруханасының хирургия бөліміне медиастинит диагнозымен жатқызылды. Облыстық аурухананың хирург дәрігерлерінің қатысуымен стернотомия (кеуде қуысын ашу), медиастинаны тазарту және бюлау әдісімен дренаж жасау операциясы жасалды(бұл кеуде қуысындағы немесе өкпе айналасындағы жиналған суйықтықты, іріңді немесе ауаны шығару үшін қолданылатын медициналық процедура)
    З. Науқас В, 1960 жылы туған. Бұл наукас бір жыл бұрын Қордай аудандық орталық ауруханасына панкреонекроз, перитонит және іш құрылысының абсцессі диагноздарымен түскен. Сол кезде тоқ ішектің сигма тәрізді бөлігінің резекциясы жасалып, колостома шығарылған болатын. Науқас бір жыл бойы колостомамен журді. Одан кейін ол гигантты вентральды жарықпен ауырды.
    Облыстың хирург дәрігерлерінің қатысымен науқасқа екі ота жасалды: асқазан-ішек жылдарының үздіксіздігін қалпына келтіру бойынша реконструктивті операция (коло-коло анастомоз) және жарықтық пластикалық сетка аркылы тігу. Нәтижесінде, науқастың табиғи жолмен улкен дәретке шығу қабілеті қалпына келтіріліп, ота сәтті аяқталды.
    Бүгінгі күні барлық ота жасалған науқастардың жағдайы канағаттанарлық. Екі науқас бөлімшеге ауыстырылды, ал біреуі жасақтау бөлімінде, оның жағдайы тұрақты және бөлімшеге ауыстыру жоспарлануда. Айта кетейік, оталар “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы шарты негізінде МӘМС қаражаты есебінен жасалынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.