Құрметті әріптестер!
Kundelik.kz толтыру бойынша бақылауды жүргізуге арналған – «Белсенділік бақылауы» базасынан алынған деректерге сәйкес, «Сандық мұғалім көрсеткіші бойынша үздік аймақ» сыйлығының иегері болып Жамбыл облысы атанды.
Лайықты марапатқа ие болғандарыңыз үшін құттықтауларымызды қабыл алыңыздар. Сапалы атқарылған жұмыстарыңыз үшін және үйлесімді жұмыс пен жоғары тиімді нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін облыс мектептерінің қызметіне белсенді қатысқандарыңыз үшін сіздерге зор алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз және жемісті ынтымақтастықты жалғастырамыз деген үміттеміз.
Құрметпен, «Күнделік» ұжымы