Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің экономикасын нығайту және егемендігімізді бекемдеу жолындағы асқақ мұраттары – барша қазақ жұрты үшін бағыт-бағдар, кемел келешектің кепілі. Елбасының бұл стратегиялық бастамалары Қазақстанның тұрақты дамуы мен халқымыздың әл-ауқатын арттыруға негізделген ұлы қадам.
Кордай орталық аудандық ауруханасының ұжымы Мемлекет басшысының ұстанған бағытын шынайы қолдай отырып, денсаулық сақтау саласын дамыту жолында аянбай еңбек етуде. Президентіміз атап көрсеткен ауылдық медицинаны қолдау шаралары – шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуде тың серпін береді.
Жаңадан салынып жатқан медициналық нысандар, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтау және сала мамандарының біліктілігін арттыруға жасалып жатқан жағдайлар – халқымыздың денсаулығын жақсартуға жасалған айрықша қадам. Біз, медицина қызметкерлері, бұл мүмкіндіктерді толығымен іске асырып, халыққа сапалы әрі қолжетімді көмек көрсетуге бар күшімізді саламыз.
Президентіміздің дана саясаты мен асқақ мақсаттарына сүйене отырып, әрқайсымыз еліміздің игілігі үшін адал еңбек етуіміз қажет. Кордай орталық аудандық ауруханасы осы жолда өз міндетін абыроймен атқаруға дайын.
