Skip to content
Басты бет » Оқушылар мен ата-аналарға арналған Kundelik.Мектеп жаңа мобильді қосымшасы іске қосылды

Оқушылар мен ата-аналарға арналған Kundelik.Мектеп жаңа мобильді қосымшасы іске қосылды

Жаңа оқу жылында оқушылар мен ата-аналарға арналған Kundelik.Мектеп мобильді қосымшасының жаңа нұсқасы іске қосылды. Пайдаланушылар жаңа мүмкіндіктерге ие болды!

Light-нұсқасы

Жаңартылған дизайн. Жаңа интерфейс, ойластырылған навигация және әдемі сыртқы түрі – біз қосымшамызды заманауи әрі ыңғайлы етуге тырыстық.

Критериалды бағалауды қолдау. Қазақстандық мектептердің критериалды бағалауға көшуіне байланысты мобильді қосымшада осындай мүмкіндіктер қолжетімді болды:

  • Формативті белгілер – Жаңадан алынған белгілерді қарап, мұғалімнің пікірлеріңізді тікелей қолданбада оқыңыз.
  • Жиынтық бағалау – БЖБ және ТЖБ: қойылған соң бірден БЖБ және ТЖБ нәтижелерін біліңіз – олар формативті белгілердің жанында баға лентасында бейнеленеді.

Хабарландырулар. Мұғалімнен хабарландыру алып смартфоныңыздан өзіңізге ыңғайлы болған кезде пікір жазыңыз.

Үй тапсырмалары. Үй тапсырмасы бар екенін көріңіз, сондай-ақ олардың орындалуы туралы белгі жасаңыз. Барлық тапсырмаларды орындағанда виртуалды марапат алыңыз!

Мұғалімнің кеңейтілген түсініктемелері. Енді мұғалім тек формативті белгілерге ғана емес, үй тапсырмаларына да түсініктеме бере алады.

Ұялы телефоныңызға Push-ескертулер. Сіз мектепте не болып жатқандығы туралы хабардар боласыз: бағалар алу, сабақта болмауы, үй тапсырмасын беру, хабарландыру және т.б.

Сонымен қатар, біз мобильді қосымша үшін арнайы кеңейтім дайындадық – PRO нұсқасы.

PRO нұсқасы

PRO нұсқасы Light нұсқасы функционалы бар, сондай-ақ басқа да қосымша мүмкіндіктері бар:

  • Үлгерім. Оқушының кез келген уақыт кезеңіндегі барлық бағаларын қарап шығыңыз, сондай-ақ қорытынды баға болжамын біліңіз.
  • Үй тапсырмалары. PRO-нұсқасында үй тапсырмасының бар екенін ғана емес, оның мазмұны, қосылған файлдар (бар болса) көрсетіледі.
 

Light версия

PRO версия

Жаңартылған дизайн

ü

ü

Бес балдық бағалау

ü

ü

Бір күнгі формативті белгілер

ü

ü

БЖБ/ТЖБ соңғы бағалары

ü

ü

Пікіржазу мүмкіндігі бар хабарландырулар

ü

ü

Үй тапсырмасының бар екендігін білу

ü

ü

Мұғалімнің түсініктемелері

ü

ü

Push-хабарламалар

ü

ü

Үй тапсырмасының мәтіні мен файлдары

û

ü

Үлгерімді талдау және қорытынды бағалар болжамы

û

ü

Қосымшаны осы сілттеме арқылы жүктеуге болады:

http://bit.ly/2kndj1H – Android нұсқасы; 

https://apple.co/2lZZqH6 – iPhone (iOS)нұсқасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.