Mostbet Кыргызстандагы эң ири букмекердик кеңселердин бири. Букмекердик контора өз кардарлары үчүн спорттук иш-чаралардын жана коюмдардын түрлөрүнүн кеңири тандоосун, ошондой эле ар кандай бонустарды жана акцияларды, бекер коюмдарды жана акысыз айланмаларды сунуштайт. Кошумчалай кетсек, Mostbet мобилдик тиркемесине ээ, ал каалаган убакта жана каалаган жерде коюмдарды коюуга мүмкүндүк берет.
Skip to content
Басты бет » Біздің мамандар

Біздің мамандар

Кадырбекова Зауреш Калкамановна

Бас дәрігер

Қадырбекова Зәуреш Қалқаманқызы 1962 жылы 18 тамызда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

1986 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын жалпы дәрігер мамандығы бойынша бітірді.

1987 жылы Жамбыл облыстық ауруханасында жалпы терапия мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

Интернатураны аяқтағаннан кейін 1988 жылдың маусымынан бастап Кенен ЦВА-да терапевт-дәрігер болып еңбек жолын бастады, Красный Октябрь ЦВА-ға бас дәрігер болып ауыстырылды.

1992 жылдың шілде айынан бастап аудандық емханаға емхана меңгерушісі болып ауыстырылды.

1996 жылдың ақпан айынан бастап бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Калиева Ольга Анатольевна

Бас дәрігердің балалар және акушерлік ісі жөніндегі орынбасары

        Қалиева Ольга Анатольевна 1961 жылы 6 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Гродикова ауылында дүниеге келген. орыс ұлты.

1985 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірген.

1987 жылы Бішкек қаласында балалар дәрігері-инфекциялық аурулар мамандығы бойынша интернатураны аяқтады.

Еңбек жолын Фрунзе қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында инфекционист – педиатр болып бастады.   

1989 жылдан бері Қордай орталық аудандық ауруханасында жұқпалы аурулар бөлімінде дәрігер-инфекционист болып жұмыс істейді.

1999 жылдан бастап бас дәрігердің балалық шақ және акушерлік ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды.