Skip to content
Басты бет » Вакцинация

Вакцинация

Қордай ауданында 2024 жылдың 1 қазанында Ұлттық вакцинация күнтізбесі аясында 11 жастағы қыздарды адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау науқаны басталады. Вакцинация мектептердің егу кабинеттерінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 11 қаулысына сәйкес 11 жастағы қыздар жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға жатады.

Қазақстанда АҚШ-та өндірілген “Гардасил” вакцинасы қолданылады, ол АПВ-ның төрт түрінен қорғауды қамтамасыз етеді. Толық қорғанысқа қол жеткізу үшін вакцинаның екі дозасын 6 ай аралықпен алу қажет.

Айта кету керек, бұл егу ерікті негізде жүргізіледі және ата-аналардың немесе қыздардың заңды өкілдерінің келісімін талап етеді.

Біз сізді вакцинацияның маңыздылығына назар аударуға және қыздарыңызды уақытында АПВ қорғанысымен қамтамасыз етуге шақырамыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.