2023 жылғы 27-28 наурызда Масанчи және Қайнар елді мекендерінде “жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту жолдары”тақырыбында аудандық Форум өтті. Форумға аудандық білім бөлімі, прокуратура, Қордай АОА медицина қызметкерлері (гинеколог, нарколог, психолог, СӨС дәрігері), ювеналды полиция қызметкерлері, мектеп психологтары, ата-аналар комитеті, ата-аналар қатысты.
Баяндамашылар сөз сөйлегеннен кейін Форумға қатысушылар сұрақтар қойып, оларға оң жауаптар алды. Іс-шара соңында ата-аналарға ақпараттық-көрнекі материалдар (парақшалар, буклеттер) таратылды.