1 Қазан “Халық аралық қарттар күніне” орай медицина саласында еңбек етіп зейнетке шыққан ардагерлеріміздің үйлеріне барып, құттықтап, батасын алып қайттық, және де Қордай аудандық орталық ауруханасында “Қарттарым – асыл қазынам” акциясы аясында, 60 жастан жоғары ашық есік күні ұйымдастырылып, қарттарымыз дәрігерлік консультация алып, бейінді мамандарға қаралып, лабораториялық және инструменталдық тексерілістерден өтіп, салауатты өмір ұстамын қалыптастыру бойынша, психолог, ЗОЖ, ПУЗ, мамандарының дәрістерін тыңдап қайтты, ПУЗ бағдарламасы аясында марафон ұйымдастырылып, қатысушылар сыйлықпен марапатталды, соңында әріптестерімізбен кішігірім дастархан ұйымдастырылып, қарттарымыздың батасын алып, омірден қайтқан әріптес ардагерлерімізге құран бағышталып, жақсы сөздермен еске алынды. Ардагерлеріміз арамызда аман-есен жүрсе, жастарға айтқан ақыл кеңесінің арқасында, болашағымыз жарқын болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш, Қазақстанымыздың көркейіп, гүлденуіне апарар жолдың бірі. 60 жастан жоғары ашық есік күні акциясы әлі (дүйсенбі включительно ) 02.10.23ж. дейін жалғасады.
Басты бет » 1 Қазан “Халық аралық қарттар күніне” орай медицина саласында еңбек етіп зейнетке шыққан ардагерлеріміздің үйлеріне барып, құттықтап, батасын алып қайттық