Mostbet Кыргызстандагы эң ири букмекердик кеңселердин бири. Букмекердик контора өз кардарлары үчүн спорттук иш-чаралардын жана коюмдардын түрлөрүнүн кеңири тандоосун, ошондой эле ар кандай бонустарды жана акцияларды, бекер коюмдарды жана акысыз айланмаларды сунуштайт. Кошумчалай кетсек, Mostbet мобилдик тиркемесине ээ, ал каалаган убакта жана каалаган жерде коюмдарды коюуга мүмкүндүк берет.
Skip to content
Басты бет » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

КОМПЛАЕНС – ҚЫЗМЕТІ

“ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ” ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Kомплаенс-офицері парақшасына қош келдіңіздер!

Комплаенс-офицер емхана қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асырады, сондай-ақ емхана ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жүзеге асырады.

Комплаенс-офицердің негізгі міндеттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету және емхананың ішкі корпоративтік мәдениетін қалыптастыру болып табылады, сол арқылы барлық пациенттер, қызметкерлер арасында ең үздік халықаралық стандарттарға, ішкі саясатқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашықтық, адалдық қағидаттары қамтамасыз етіледі.

Комплаенс-офицер өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына (1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ), Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы), Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережесіне (Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығы), Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қолданыстағы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және емхананың ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Егер сіз емхана қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, Сіз бұл туралы Комплаенс-офицерге келесі байланыс көздері арқылы хабарлай аласыз:
+ 7 778 700 03 16 мобильдік нөміріне
немесе электрондық поштаға: yesbol.madkhan@mail.ru
Азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша әр жұма күні сағат 14.30-дан 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қызметтік кабинет – 408.
Құпиялылық пен жасырындыққа толық кепілдік беріледі.