Қордай ауданының білім бөлімінің №2 М.Ломоносов атындағы мектебінің оқушылары жастардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін “Salauatty jastar” жастар денсаулық орталығының жұмысымен танысты.
Жастар денсаулық орталық маманы Бегдаева Алуа жастарға қолжетімді психологиялық қолдау және көмек керсету бағдарламалары тұралы айтып берді. Сонымен қатар оқушыларға өз денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығын және салауатты өмір салтын дұрыс таңдаудың маңыздылығын тусіндірді. Жасөсперімдер денсаулық -аурудың жоқтығы ғана емес, сонымен қатар толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың жай-күйі екенін тусінді.