2024 жылдың 25.09-10.10 аралығында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауынан бастау алған “Таза Қазақстан”экологиялық акциясы Қордай аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен «Тазалықтан жан да, тән де жасарады!» тақырыбында жалғасатынын хабарлаймыз! Акцияға ауданымыздың барлық медицина мекемелері қатысады. Тазалық керуеніне қатысу үшін мекеменің ауласы мен мекеме іші тазалығы, абаттандырылуы, ұқыптылығы мен эстетикалық талғамы ескеріледі. Қазан айының 10-17 күндері аралығында акцияның ұйымдастыру комитеті мекемелерді аралау арқылы «Ең таза медициналық мекемені» анықтайтын болады, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Басты бет » “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА!